Ұлттық қор қаржысы дұрыс игеріліп жатқан жоқ – сенат спикері

Айнұр Шошаева

Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану тәртібі керек, дейді Әшімбаев

коллаж: Halyq Uni

Қазақстанның Ұлттық қорынан бөлінетін ақшаны сауатты жұмсап, бөлінген қаржыны тиімдімді пайдалану қажет. Бүгін сенат спикері Мәулен Әшімбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

«Ұлттық қордан берілетін трансферттерді пайдалануды да көтергім келеді. Нақтылау аясында біз қордан кепілдендірілген трансферт ретінде қосымша 1,6 триллион теңге бөлеміз. Мәселе Ұлттық қордың қаражатын пайдаланбау туралы емес, оны қолданатын жағдайлар болса, пайдалану керек шығар. Қажет кезінде алмасақ, қай кезде пайдаланамыз? Бірақ ол ақшаны тиімді пайдалану керек. Содан кейін бұл қаржының қайтарымы болуы қажет», - деді спикер үкімет мүшелеріне. 

Оның айтуынша, Ұлттық қордан нысаналы трансферт ретінде бөлініп жатқан қаражат тиісті игеріліп жатқан жоқ. Палата төрағасы өткен жылы ұлттық спортты дамыту мен ұлттық киноны қолдауға бөлінген ақшаны мысалға келтірді. 

Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға Ұлттық қордан 1,7 млрд теңге бөлінді әрі бұл соманың жартысына жуығы игерілмей қалды. Яғни, мақсатты түрде осы қызметке жұмсалған қаржының жартысын жұмсалмады. Сондай-ақ Ұлттық қордан ұлттық фильмдерді қолдауға және насихаттауға мақсатты трансфертпен 3,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың тек 34% ғана пайдаланылды. Яғни, бірінші сұрақ – ақшаны неге берді? Екінші сұрақ – бөлінген қаржы неге игерілмеді? Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Уақыты келгенде есептерін тыңдап, егжей-тегжей қараймыз, - деді Әшімбаев. 

Спикердің пікірінше, ұлттық фильмдерді қолдау керек. Бірақ олар республикалық бюджет кірістерінің түсімдері есебінен қаржыландыруы қажет. 

«Ұлттық қордан қанша қаражат бөлу керек? Бірақ оның азайып жатқанын бәріміз білеміз. Мүмкін оларды республикалық бюджет кірістері есебінен басқа түсімдер есебінен қаржыландыру қажет шығар? Жалпы үкімет пен депутаттарға Ұлттық қор ақшасын пайдалану тәртібі керек сияқты. Ұлттық қор мәселесі күзде, келесі жылдарға арналған бюджетті қарау кезінде көтеріледі», - деп қосты Әшімбаев.