Елімізде 131 мұнай ұңғымасы апаттық жағдайда тұр – экология министрі
Қазақстанда 5 мұнай ұңғымасы өздігінен ағып жатыр екен
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бүгін үкіметтегі брифингте осылай айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Брекешевтің сөзінше, 2010 жылдан бастап қазірге дейін ел аумағында апаттық мұнай ұңғымалары зерделеніп келеді. Жалпы, Қазақстанда осындай 131 ұңғыма анықталған.
«Республикалық бюджет есебінен 126-сы жойылды. Қазір қалып отырған бесеуінің екеуі Ақтөбе облысында, біреуі Атырау облысында орналасқан. Ал Маңғыстау облысында екі ұңғыма қалды. Осы жылдың аяғына дейін жобалық-сметалық құжаттар дайындалғаннан кейін келесі жылы оларды жоюға кірісу жоспарланып отыр», – дейді ведомство басшысы.