Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, елдегі мұнай өңдеу зауыттары тоқтап тұр
Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір жанармай құю станциясында бензин тек талон арқылы ғана беріле бастады.
Мұндай шектеулер Серебрянск, Белоусовка станцияларында, сондай-ақ Глубокий ауданы, Риддер мен Самар аудандарында да байқалады.
Жанармай әсіресе шағын станцияларда тапшы болып тұр. Облыс орталығы – Өскеменде әзірге жағдай тұрақты.
Шілде айында Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоқтаған болатын. Содан бері елде АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығы сезіле бастады.
Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде АИ-92, АИ-95 маркалы бензинінің жарты айлық қоры қалғанын жазған болатынбыз.