180 күндік мораторий аяқталған соң жанар-жағармай бағасы қымбаттай ма?

Айнұр Шошаева

Жанар-жағармай бағасына енгізілген мораторий шілдеге дейін жалғасады

коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда жанар-жағар май бағасына енгізілген 180 күндік мораторийден кейін баға өзгермеуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

«Менің ойымша, биылғы баға өзгермейді. Ішкі нарықта тапшылық жағдайында өнімді импорттау мүмкіндігі сияқты жақсы көрсеткіш бар. Бұл сәл экономикалық термин. Егер біздегі өндіру деңгейі төмен болып, тапшылық жағдайы туындаса, біз техникалық тұрғыдан өнімдерді кіргізіп, қажеттіліктерді жаба алмаймыз. Ондай жағдай болады. Мәселен, 2010-2011 жылдары еліміз мұнай өнімдерінің толық тапшылығын бастан кешкен кездер болады. Елде 1500 млн тонна мұнай тапшы болды. Ол кездегі баға көрші елдерден әкелуге мүмкіндік болатындай болуы керек еді. Себебі баға бір мөлшерде белгіленгендіктен, одан жоғары сата алмайтын еді. Соңында ешкім әкелгісі келмейді», - деді министр.

Министр қазір Қазақстандай өндіру көлемі жеткілікті деп сендірді.

Сондықтан бүгінгі баға деңгейі мен өнім өндіру көлемі, негізінен, жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Егер төтенше жағдай болмаса, өзгерістер болмауы мүмкін, - деп толықтырды сөзін Ақшолақов.

Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Қазақстанның батыс өңіріндегі сұйылтылған газ бағасының қымбаттауына байланысты ерелеуілден кейін елдегі газ, бензин мен дизель отынының бағасына уақытша – 180 күнге мемлекеттік реттеу енгізілген болатын.

Энергетика министрінің 2022 жылдың 6 қаңтары күнгі №2 бұйрығымен Аи-92 маркалы бензинінің шекті бағасы 182 теңге деп бекітілді. Оған сәйкес, еліміз бойынша бөлшек саудада АИ-92 маркалы бензиннің бір литрін 182 теңгеден артық бағаға саудалауға болмайды. Бұл шектеу жарты жылға созылады.