Halyq Uni логотип
×

Мұхтар Жәкішев: «Мыс емес, қымбат мыс кабельдерін шығару керек»

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы экспорттайтын өнімдердің құнын арттыру керек деп есептейді

 Айнұр Шошаева 03.05.2022 | 16:55
Мұхтар Жәкішев: «Мыс емес, қымбат мыс кабельдерін шығару керек»
Фото:elements.envato.com

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы экспорттайтын өнімдердің құнын арттыру керек деп есептейді

Ресейге қарсы салынған санкциялар ұзақ уақытқа созылады, бұл Қазақстан экономикасына әсер етеді. Себебі Қазақстан экспорттың едәуір бөлігін Ресейдің инфрақұрылымы арқылы жеткізеді. Бүгін SHANYRQ бизнес-форумында сөйлеген «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-президенті Мұхтар Жәкішев осындай пікір айтты.

«Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға жанама түрде әсерін тигізеді, өйткені екі елдің шекарасы ауқымды, сонымен бірге сауда байланыстары да тығыз. Бұдан басқа, ҚР өнімді экспорттау кезінде ресейлік инфрақұрылымды пайдаланады. Ал Ресейге қарсы батыста қабылданған шаралар ұзаққа созылады», - деді Мұхтар Жәкішев.

Мұхтар Жәкішев Ресейге қарсы санкциялардың аяқталуы Украинадағы соғыс қимылдарының басылуымен байланысты болмайды деген қорытындыға келгенін айтты.

Сарапшының айтуынша, Ресей арқылы өтетін өнім логистикасы енді Қазақстан үшін сенімді бағыт болмайды. Бұдан былай Қазақстанға жүк тасымалын басқа бағыттар бойынша қайта қарау мәселесі туындайды.

«Қазақстанның экспортқа шығаратын негізгі өнімі - шикізат. Біз оны негізінен Ресей инфрақұрылымы – теміржол, Ресей порттары, Ресей аумағы арқылы өтетін құбыр арқылы жеткіздік. Мұның бәрі сенімсіз болады. Кез-келген ел өз валютасын енгізген кезде, іс жүзінде бұл ел ішінде ақша-тауар биржасын құруға арналған қағаз. Егер қандай да бір ел өз шекарасынан тыс ешкімге қызығушылық танытпаса, ешкім елдің өнімдерін сатып алмайды, бұл ақша қарапайым қағазға айналады. Елде басқа елдерге ұсынатын нәрсе болған кезде олар қалыпты ақшаға айналады. Біз экспортқа қандай да бір өнімді сатқан кезде, біздің теңге іс жүзінде бір нәрсе сатып ала алатын ақшаға айналады. Елдің сауда балансы – импорт-экспорт басталады», - деп түсіндірді спикер.

Шетелдік кемелер Ресей порттарына кірмейді және ресейлік кемелер шет елдердің порттарына кіре алмайды. Осыған байланысты тауарларды ресейлік бағытта тасымалдаудың мағынасы жоқ.

«Жеткізудің басқа жолдарын іздеу керек. Бізде тағы үш балама жол бар – Каспий - Әзербайжан, Қытай, Түркіменстан - Иран темір жолы. Бір мәселе бар, бұл жолдар Ресей арқылы өтетін жүк ағынының қуатына төтеп бере алмайды. Біз балама жолдарын қолдана отырып, барлық экспорттық өнімдерді сатып алушыға жеткізе алмаймыз. Бұл ең алдымен, біздің экспорттық түсімнің кіріс бөлігінен айырылатынымызды білдіреді. Ол валютамыздың әлсіреуіне, ел экспортқа кері әсерін тигізеді», - деді Мұхтар Жәкішев.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанға мүмкіндік ретінде жаңа құбыр қажет - ол «Баку-Джейхан» құбыры болуы мүмкін. Түркіменстан мен Иран арқылы өткізу қабілетін арттыру нұсқасын қарастыруға болады, бірақ Иран да санкцияға ұшыраған. Қалай болғанда да, бұл шаралардың барлығы ұзақ уақытқа созылады және Қазақстан бұл ретте кеш қимылдаған сыңайлы.

«Кезінде осыны істемедік, бүгін туындаған тәуекелдерді ескермедік. Экспорттан түсетін табысымыз бойынша міндетті түрде төмендейді. Географиялық тұрғыдан біздің өнімнің сатып алушыларға жетуі өте қиын және өте қымбатқа түседі. Бұл бүгін ғана емес, бұрыннан қалыптасқан жағдай. Мұндай тәуекел әрдайым болған», - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК экс-президенті.

Мұхтар Жәкішев бүгінде салық жүктемесі мен пайданы зерттей отырып, салалар бойынша талдау жүргізу қажет деп санайды. Осыған сүйене отырып, ең осал салаларды анықтау қажет деген пікірде.

«Мәселен, мыс емес, қымбат мыс кабельдерін шығару керек. Жаңа жұмыс орындары ашылып, табыс та артады. Қара металл саудасынан өнімді қайта жасау саудасына ауысу керек. Экспорттайтын өніміміздің құнын арттыруға тиіспіз», - деп қорытындылады сөзін Мұхтар Жәкішев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама