Halyq Uni логотип
×

Теңге сәуірде нығайды – Ұлттық банк себебін түсіндірді

Ведомство валюта нарығы бойынша мәлімдеме жасады

 Халық үні 03.05.2022 | 11:00
Теңге сәуірде нығайды – Ұлттық банк себебін түсіндірді
коллаж: Halyq Uni

Сәуір айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы жаһандық қаржы нарықтарында орын алған белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан 1 доллар үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды.

Сәуір айында шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай төмендегені байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,9 млрд доллар болған кезде сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 млн доллардан 92 млн долларға дейін төмендеді, – дейді ұлттық банк.

Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті. Олар ішкі валюта нарығында шамамен 253,2 млн доллар болды. Сәуір айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату 168,3 млн долларды құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 8,7%-ы болды.

«Ішкі валюта нарығында ахуалдың тұрақтануы аясында Ұлттық банк сәуірде валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату операцияларын жүргізген жоқ», – делінген ақпаратта.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырмақ.

Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді. «Ел өзін кім тонап жатқанын білуі тиіс». Депутат Жамалов Ұлттық банкті тағы сынады. Базалық мөлшерлеменің көтерілуі экономикаға қауіп төндірмейді – Ұлттық банк.​​​​​​​

Серіктес жаңалықтары

Сараптама