Қазақстанда кепілсіз кредит бойынша мөлшерлемені бірнеше есе қысқарту ұсынылды
Қаулы жобасы 18 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды
Қазақстанда кепілсіз кредит бойынша мөлшерлемені бірнеше есе қысқарту ұсынылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаулы жобасын жариялады
«Шағын кредит ұсыну бойынша жеке тұлғамен арада жасалған келісімшарт бойынша мына көлемде сыйақының шекті мөлшерін орнату ұысынылады: берілетін шағын кредит сомасын толық жабатын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген берілетін шағын кредит сомасының 20%-і көлемінде; мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген кредит бойынша берілген шағын кредит сомасының 5,5%-і көлемінде», - делінген құжатта.
Қазіргі уақытта жеке тұлғамен жасалған шағын кредит ұсыну туралы келісімшарт және қамтамасыз етілмеген мүлік кепілі бойынша сыйақының шекті мәні берілген микрокредит көлемінің 25%-ін құрайды.
Қаулының толық мәтіні «Ашық НҚА» порталында жарияланған және 18 мамырға дейін қоғамдық талқылауға жатады.