Halyq Uni логотип
×

Ұлттық банк инфляция мақсатын нақтылады

Мақсатты бағдар – жылдық инфляцияны 5%-ға жақын ұстау

 Халық үні 05.07.2023 | 09:45
Ұлттық банк инфляция мақсатын нақтылады
фото: sputnik.kz

Қазақстан Ұлттық банкі инфляцияның нысаналы бағдары бойынша аралық мәндерден нүктелік мәнге ауыса бастады. Бұл туралы монетарлық реттеуші мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық банк инфляция бойынша ортамерзімді мақсатты нақтылады. Ендігі мақсатты бағдар – жылдық инфляцияны 5%-ға жақын ұстау.

Реттілік пен бірмәнділік – мақсатты тұжырымдаудағы инфляция мен күтулерді 5%-ға жақын бекітуге ықпал етеді, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банк өзінің және сыртқы сарапшылардың қатысуымен зерттеу жүргізгендерін жеткізді және инфляция бойынша мақсатты нақтылау қажеттілігі туралы қорытындыға келді.

«Инфляцияның жаңартылған мақсаты экономикалық шолудың арнайы шығарылымында жарияланған Қазақстандағы таргеттің оңтайлылығы жөніндегі зерттеулердің нәтижесі бойынша алынған диапазонға сәйкес келеді», - деп хабарлайды Ұлттық банк өкілдері.

Тиісті өзгерістер Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының стратегиясына енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін инфляция бойынша аралық мәндер 2023-2024 жылдарға 4-5%, ал 2025 жылдан бастап 3-4% аралығында болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама