×

«Жер телімдері енді конкурссыз берілмейді». Үкіметте экономиканы демонополизациялау мәселесі қаралды

Бұған дейін Атырауда жер телімдері заңсыз үлестірілген еді

 Халық үні 27.04.2022 | 17:59
фото: ашық дереккөзден

Премьер-министр экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында қазір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін конкурстан тыс негізде жер телімдерін бөлетінін атап өтті. Бұл ретте ӘКК-ке оларды игеруде ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Алайда бөлінген жер телімдері іс жүзінде көппәтерлі тұрғын үйлер, мейрамханалар, көлік жуу орындарын әрі т. б. салу үшін пайдаланылып жатыр. Мысал ретінде еліміздің ірі қалаларының бірінде ӘКК-ге 679 га жер бөлінгені айтылды. Оның 254 га тұрғын үй құрылысына, 96 га коммерциялық объектілерге және тек 5 га өндірістік база мен зауыт салуға берілген, – дейді үкімет.

Аталған мәселені шешу үшін ӘКК арқылы жер телімдерін конкурстан тыс беру мүмкіндігін алып тастау ұсынылды. Бұл жер бөлу ашықтығын қамтамасыз етуге, оны сатудан бюджетке түсетін түсімдер көлемін ұлғайтуға, нарықтың барлық субъектісіне жерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер беруге жол ашады.

«Сондай-ақ отырыста магистралдық теміржол желілерін жөндеу саласында бірнеше компания ғана қызмет көрсететіні атап өтілді. Бұл оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптарына байланысты болып отыр. Осыған байланысты Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» қорына осы салада бәсекелестікке қолайлы жағдай жасау үшін аталған талаптарды жұмсартуды қарастыру тапсырды», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Атырауда жер телімдері заңсыз үлестірілгенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама