Halyq Uni логотип
×

«ҚазТрансГаз Аймаққа» жарты млрд теңге айыппұл салынды

Тауарлық газды тасымалдау тарифі 6% төмендеді

 Дәурен Ерболат 27.06.2023 | 13:10
«ҚазТрансГаз Аймаққа» жарты млрд теңге айыппұл салынды
Фото: Рахим Қойлыбаев

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ына жарты млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының қызметіне жүргізілген тексеру барысында үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.

Мысалы, монополисттердің шарты бойынша, кәсіпкерлер газдың пайдаланылмаған көлемі үшін газ құнының 10%-ын заңсыз төлеп келген. Үстем және монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, 497,1 млн теңгеге айыппұл салынды, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 2022 жылы табиғи монополия субъектісі, көрсететін қызметтер көлемінің өсуіне қарамастан, компания 2023 жылға арналған тарифті төмендетпеген (көрсетілген қызметтердің көлемінің ұлғаюына байланысты тариф қайта қаралуға тиіс).

Осыған байланысты Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қадағалау актісімен биыл 1 сәуірден бастап тауарлық газды тасымалдау тарифін 6%, 1000 м3 үшін 4 099,25 теңгеден 1000 м3 3 848,03 теңгеге дейін төмендету туралы бұйрық шығарылды, - деп жазылған хабарламада.

Қабылданған шаралар Алматыдағы 450 мың тұтынушының, оның ішінде 8 800 кәсіпкердің құқығын қорғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама