×

Еліміздегі ІТ мамандарының тапшылығы қалай шешіледі

Елордада блокчейн мен креатив экономикаға қатысты IT форум өтіп жатыр

 Айнұр Шошаева 26.04.2022 | 17:28
фото: Ерсұлтан Ерманов, Сапар Ахметов

Бүгін елордада өткен Digital Business Day 2.0 форумында Қазақстанның ІТ-индустриясындағы маман тапшылығы қалай шешілетіні айтылды. Елімізде 2025 жылға дейін 100 мың білікті маман даярлау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Цифрлық даму министрлігінің ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаменті директорының орынбасары Ерсұлтан Ермановтың айтуынша, нарықта ІТ мамандарына сұраныс көп, бірақ білікті кадр тапшы.

«Жақын арада Tech Orda бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама ІТ мамандарын бейресми оқыту үшін 20 мың ваучер бөлуді жоспарлап отыр. Бұл еліміздегі ІТ мамандарының тапшылығын шешіп, ІТ кәсіпкерлікті дамытуға жол ашады», - деді ведомство өкілі.

Ермановтың айтуынша, министрлік 2025 жылға дейін 100 мың білікті маман даярлауға тиіс.  

Алдымызда қызметтерімізді 500 млн долларға экспорттау міндеті тұр. Бұл міндетке тек сапалы кадрлық база қалыптастыру арқылы қол жеткізе аламыз, - деді ол.

Министрлік ІТ мамандарын даярлау үшін бағдарламалау мектептерін қолдауды жоспарлап отыр.

«ЖОО Білім министрлігінен нысаналы грант алып, формальды білім беретін ұйым. Біз қысқа мерзімді бағдарламамен оқытатын бағдарламалау мектептерін қолдауды жөн көрдік. Себебі олар өз бетінше жұмыс істеп жатыр, министрліктің тарапынан соларды қолдаймыз деп шештік. Биыл бағдарлама аясында қатысушыларға 3 мың ваучер бөлінеді. Бағдарламаға 18-ден 35 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады», - деп қорытындылады сөзін Ерсұлтан Ерманов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама