Металл қалдықтарын елден әкетуге тыйым салынды

Қымбат Елтайқызы

Тиісті бұйрық шықты

фото: Halyq Uni

Биылғы 6 мамырдан бастап қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан аумағынан сыртқа әкетуге тыйым салынады. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Бұл шектеу индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 6 мамырдан бастап күшіне енетін «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 21 сәуірдегі №224 бұйрығымен бекітілген.       

«Қазақстан және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес, бұйрық қолданысқа енген күнге дейін металл ел аумағынан кедергісіз әкетіледі», - деп толықтырды комитет.