Halyq Uni логотип
×

Былтыр орман өртінен елімізге 6,3 млрд теңге залал келген

Бұның бір себебі - өртпен күреске жеткіліксіз қаржының бөлінуі

 Ербол Тұрымбет 26.04.2022 | 12:00
Былтыр орман өртінен елімізге 6,3 млрд теңге залал келген
фото: ашық дереккөзден

Өткен жылы 167,4 мың га алаңда 751 рет орман өрті болып, (оның ішінде орманмен қамтылған нақты алаң 9,7 мың га), Қазақстанға 6,3 млрд теңгеге залал келген. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бүгін үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Оның айтуынша, орман мекемелерінің материалдық-техникалық базамен қамтылуы нашар. Бұның ішінде Атырау облысында – 20%, Қызылорда облысында – 33%, БҚО-да – 47% ғана. Табиғи қорықтар ішінде Алматы облысындағы «Іле-Балхаш» МТҚ өртке қарсы техника және жабдықтармен ең аз қамтылған мекеме болып шықты. Небәрі – 25%. Қостанай облысындағы «Алтын дала» (28%), «Наурызым» (47%) қорықтарының да қамтылу көрсеткіштері нашар. Материалдарға сәйкес, орман өртін бақылау мұнаралары да жоқ.

Жергілікті бюджеттен орман қорғау мекемелері үшін өртке қарсы техника мен жабдықтар сатып алуға бөлінетін қаражат тым жеткіліксіз болып отыр, – дейді Брекешев.

Еліміздің мемлекеттік орман қоры 30 млн га құрайды. Оның 24,6%-ы (7,3 млн га) министрлік қарамағында, ал қалған 74,7%-ы (22,4 млн га) әкімдіктерге бекітілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама