Қазақстан жыл басынан бері ТМД елдерімен 11,3 млрд долларға сауда жасады
Былтыр алғашқы төрт айда көрсеткіш 10,4 млрд доллар болған
ҚР премьер-пинистрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Мәскеуде өткен ТМД Экономикалық кеңесінің 98-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.
Биыл ТМД органдарына Қырғызстан төрағалық етуде. Бұрынғыдай, барлық кездесулердің негізгі тақырыбы – Достастық елдерінің периметрі шегінде өзара саудадағы бар кедергілерді, шектеулер мен босатуларды жою.
Еске сала кетейік, осы бағытта 2023 жылғы маусым айының басында ТМД Үкімет басшыларының елдердің сарапшылары 11 жыл жұмыс істеп жатқан қызметтердің еркін саудасы туралы келісімге қол қоюы соңғы маңызды жетістіктердің бірі болды. Құжат елдер экономикасының одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасауды айқындайды, қолайлы бизнес-ахуалды қамтамасыз ету, Достастық елдерінен инвестиция тарту үшін елеулі ынталандыруға айналады.
Осы аспектіде ТМД шеңберінде электронды коммерцияның рөлі артып келеді. Қазақстан электрондық коммерция саласындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша ТМД мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді толығымен қолдайды. Өзара саудада туындайтын кедергілерді тез арада шешу үшін жақында келіп түскен талаптарға сараптама жасайтын жоғары деңгейдегі жұмыс тобы құрылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар, қабылданған басқа да шешімдердің қатарында ТМД–ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтеріне инфляция деңгейінің ұсынылатын мәндерінің сақталуына және экономикаға ұзақ мерзімді несиелер бойынша орташа алынған мөлшерлеменің көрсеткішінің орташа жылдық мәнін сақтауға ерекше назар аударуды ұсынды, бұл экономика өсуді жеделдетуге ықпал ететін болады.
2023 жылдың төрт айында Қазақстан мен ТМД мемлекеттері арасында өзара сауда көлемінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен (10,4 млрд доллар) салыстырғанда 8,5% (11,3 млрд долларға дейін) өсуі байқалды.