Halyq Uni логотип
×

Қаржы директоры Kcell-дің миллиондаған ақшасын жымқырып, құмар ойынға жұмсаған

Ол бірнеше жыл қатарынан алаяқтық жасаған

 Қымбат Елтайқызы 26.04.2022 | 11:30
Қаржы директоры Kcell-дің миллиондаған ақшасын жымқырып, құмар ойынға жұмсаған
фото: Halyq Uni

«Kcell Solutions» ЖШС-ның бұрынғы топ-менеджері жалған құжаттар жасап, жарты миллиард теңге аванс алған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған қаржы құжаттарын жасап, өз атына заңсыз аванс беру арқылы «Кселл» АҚ ақшасын аса ірі көлемде жымқырған «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылғы ақпаннан 2021 жылғы сәуірге дейінгі аралықта 5 компания есеп шотына ақша аудару арқылы қаражат ұрлаған. Сондай-ақ өзіне жалпы сомасы 467 миллионнан астам теңгені құрайтын аванс бергені анықталды, – дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Осылайша, ол «Кселл» АҚ-ға аса ірі көлемде зиян келтіріп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры ұрланған ақшаны Алматыдағы букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, жұмсағаны анықталды. 

«Сот үкімімен азамат М.Шөкей қылмыстық кодекстің 189 бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ 10 жыл мерзімге қаржылық жауапкершілікпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды», – делінген ақпаратта.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама