Айналымда 120 млн доллар: Қазақстанда криптовалюта қолданатын 5 мыңнан астам адам бар
Binance Қазақстанда жергілікті криптобиржа ашады
Криптоиндустриядағы елеулі оқиға – жергілікті Binance криптобиржасы іске қосылады. Бастапқы кезеңде жергілікті биржада 21 криптовалюта, токен сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Binance компаниясы Қазақстанда криптобиржасын іске қосылатынын мәлімдеді. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысовтың сөзінше, тиісті келісімге былтыр Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпэн Чжаоның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілді.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы криптобиржа мен екінші деңгейлі банктердің өзара іс-қимылы бойынша жобаны іске асырылып жатыр. Оған Ұлттық банк, Қаржылық мониторинг агенттігі және Қаржы нарығын реттеу агенттігі де қатысып жатыр. Жоба өте жақсы нәтиже көрсетті, аяқталу сатысында тұр. Бүгінде 5-ке жуық криптобиржа, 8 банк пен 5 мыңнан астам қолданушы қатысып жатыр. Жалпы айналымы 120 млн АҚШ долларынан асады, – деді вице министр баспасөз мәсихатында.
Сондай-ақ ол Binance компаниясы Қазақстанда заңнамалық базаны әзірлеуге, криптоактивтерді реттеуге, сондай-ақ түрлі білім беру шараларына қатысып жатқанын атап өтті.
«Себебі криптоактивтің не екенін, оны қалай пайдаланып, алуға болатынын түсіне бермейді. Binance – түрлі елдерде лицензия алып, тіркелген әлемдегі ірі криптобиржа. Сонымен қатар ол тұрақты түрде мемлекеттік органдар мен реттеуші органдарға оқу тренингтерін ұйымдастырып отырады, сол үшін алғыс айтқым келеді. Бүгінде осындай ынтымақтастықтың арқасында Қазақстан криптоиндустрияның ойыншылары үшін тартымды болып отыр, егер біз криптохаб ретінде дамуы үшін зор әлеуетке ие», – деп қосты Әсет Тұрысов.
Блокчейн индустриясы мен криптоиндустриясындағы ірі бұл компанияның бүгінде тәулігіне сауда-саттықтың орташа көлемі 60 млрд доллардан астам соманы құрайды, биржада 300-ден астам криптовалюта вестингтелді. Сондай-ақ оның әлем бойынша 8 мыңнан астам қызметкері бар.
«Біздің 15-тен астам мемлекетте тіркеліп, лицензия алдық. Сондықтан барлық реттеушілік талаптарды орындау қажет. Сондықтан комплаенс қызметімізді кеңейтіп отырамыз. Binance алғаш болып KYC, KYB және KYT процедураларын енгізді. Яғни жеке басты верификациялау, транзакциялардың талдауының бәрі біздің платформада енгізілді», – деді Binance Kazakhstan бас менеджері Жасұлан Мәдиев.
Компанияның Еуропа мен Азия елдерінде, таяу Шығыс, Бразилияда лицензияс бар, Қазақстанда былтыр қыркүйекте алған.
Binance экожүйесі тек криптобиржадан ғана тұрмайды. Әрине криптобиржа саланың лидері. Сондай-ақ бұл экожүйеде бірқатар институттар бар. Соның бірі – Binance Academy оқу платформасы, оның көмегімен 25 млн-нан астам адам оқыды. Венчурлық құрылым Binance Labs бар, оның басқаруынша 7,5 млрд доллар активі бар. Сонымен қатар біз BNB Chain экожүйесінің бөлігі болып табыламыз. Бұл жоғары технологиялық жобалар құрылатын инфрақұрылым. Осы күні онда 1,5 мыңнан астам жоба құрылған. Бұдан бөлек, қайырымдылық құрылымы бар, бүгінде 2 млн астам адам көмек алды, – деді Мәдиев.
Бұған қоса, өткен жылы Binance басшысы Қазақстанға келіп, Президент Тоқаевпен кездеуінде Қазақстанды өңірлік криптохаб ретінде дамыту туралы келісімге қол қойылған.
«Аталған келісім шеңберінде Binance Қазақстанда блокчейн мен криптоиндустрия саласында адами капиталды дамытуға уәде берген. Криптофиаттық каналдарды дамытып, екінші деңгейлі банктер және төлем қабылдау ұйымдарымен интеграцияланады. Сондай-ақ мемлекеттік сектор мен қызметтерге блокчейн технологияларды енгізуге көмектесетінін мәлімдеді. Әр бағыт бойынша қыруар жұмыс істеліп жатыр. ...Мәселен, адами капиталды дамыту төрт бағыт бойынша іске асырылып жатыр. Binance университеттер бойынша ұлттық бағдарламаны іске қосты. 22 университет блокчейн комплаенс, блокчейн инжиниринг бойынша қатысып жатыр. Биыл ақпан-мамыр аралығында Binance Academy Қазақстанның блокчейн орталығымен бірлесіп, осы мамандықтар үшін 363 оқытушыны дайындады. Қыркүйекте университеттерде оқыту басталады, 2026 жылға қарай 140 мың студент аталған мамандықтар бойынша оқуды аяқтап шығады деп күтіліп отыр», – деді спикер.
Сонымен қатар BNB Chain көмегімен ілгері деңгейдегі әзірлеушілер үшін бөлек бағдарлама әзірленді. Оның Zero2Hero бағдарламасы бойынша бірнеше ағылшын және қытай тіліндегі комьюнити хабы бар. Қазақстан орыс тілді комьюнити үшін таңдалды. Ол 6 апталық бағдарлама, ілгері деңгейдейгі әзірлеушілер өз білімін жетілдіре алады. Қатысушылардың бірінші легі оқуын аяқтады. Оған өңірдегі 11 мемлекеттен 700 қатысушы тіркеліп, қатысты.
Компанияның бастамасымен биыл мамыр айының соңында өткізілген ұлттық хакатон өтті. Оған 1500 аппликант қатысты. Бұл әлемдегі ең ірі мультилакациялық хакатон бір мезгілде 9 қалада, 72 сағат бойы өткізілді. 12 университет қатысқан шараның қорытындысы Қазақстанда блокчейн әзірлеушілердің әлеуеті зор екенін көрсеткен. Сондай-ақ мемлекеттік органдар, реттеушілер мен құқық қорғау органдардың мамандарын оқытыла бастады.
Бүгінде крипто нарықта криптокрайм (криптоқылмыс) пайда бола бастады. Сондықтан Binance үшін басымдықта тұрған міндеттің бірі – өзі жұмыс істейтін әрбір елде құқық қорғау органдарымен мамандарды блокчейн негіздері, ончейн-талдау жүргізу, крипто қылмыстар бойынше тергеуді қалай жүргізу керек екенін үйрету бағытында тығыз қарым-қатынас орнатамыз. Бұл бірінші кезекте қолданушылардың құқығын қорғау үшін жасалады. Қолданушылар түрлі алаяқтық схемаларға жиі тап болып жатады. Жалпы блокчейн индустриясы ашық сала болып саналады, барлық ізі сақталады, мәліметтерді өшіру мүмкін емес. Бірақ да мамандарға қалай істеу керек екенін үйрету керек, – деп толықтырды сөзін.
Бұдан бөлек компанияның Ұлттық банкпен бірлескен жобасы бар. Қазір Қазақстанның бас банкімен бірлесіп, цифрлық теңге блокчейні мен BNB Chain басқа жүйелермен өзара жұмыс істеуін тестілеуді көздеп отыр.
«Биыл бұл жұмыстың белгілі бір нәтижесіне қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Түрлі ньюс кейстер қарастылып жатыр. Биыл ақпанда «Air Astana» компаниясының «Nomad Club» клубымен бірлескен бағдарламаны іске қостық. Клубтың қатысушылары өздерінің жиналған ұпайларын криптовалютаға ауыстыруға мүмкіндік беру көзделген. Бұл бағдарлама сәтті болды деп ойлаймыз. 1 мыңнан астам жаңа қолданушы пайда болды», – деді Binance басшысы.
Сонымен қатар жергілікті Binance криптобиржасын іске қосуды көздеп отыр.
«Бірінші кезеңде негізгі екі криптофиаттық канал болады. Бірі – карталық арна. Яғни кез келген қазақстандық банктің картасы арқылы Binance платформасын толықтыруға болады. Ол үшін алдымен тіркеліп, верификациядан өтеді. Екінші арна – ол банктік аударымдар, ол кезде комиссия ұстамайды. Бастапқы кезде жергілікті биржада 21 криптовалюта, токен болады. Токендердің ұсынысын арттыру үшін реттеушімен тұрақты диалогта боламыз», – деп қорытындылады Жасұлан Мәдиев.