Ақмола облысынан басқа өңірлерде қымбатшылық бәсеңдеді
Мамырдағы жылдық инфляция 15,9% болды
2023 жылдың мамыр айында елде жылдық инфляция баяулап, 15,9% болды. Сәуірде қымбатшылық 16,8% болған еді, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Өңірлер бойынша инфляция барлық 19 өңірде бәсеңдеді. Тек Ақмола облысында ғана өткен айдағы 17,6% деңгейінде қалды.
Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 16,5% болды. Сәуірде бұл көрсеткіш 17,9% болған еді.
Азық-түлік ең қатты қымбаттаған өңірлер Маңғыстау облысы (20,7%) болса, ең аз қымбаттаған өңір Алматы қаласы (14,3%).
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны бір жылда 17,2% болды. Сәуірде 18,2% болған.
Мұнда жоғары инфляция Астана қаласында (23,6%), ең төмен Алматы облысында (14,1%) тіркелді.
Мамырда ақылы қызмет бағасы бір жылда 13,5% болды. Сәуіпде 13,7% болған.
Ақылы қызметтер ең көп қымбаттаған өңір Ақмола облысы (18,1%), ең аз қымбаттаған өңір Астана қаласы (10,2%).
2023 жылғы мамырда елде айлық инфляция 0,6% өсті. Бұл тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары мамырда 0,5%) жоғары.