×

Дүниежүзілік банк Қазақстанды су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына қосуды жоспарлап отыр

Елімізге жаңа құрылымның пайдасы зор

 Динара Амантай 15.06.2023 | 12:07
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин мен Венгрияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона еліміздің Дүниежүзілік банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына (Water Resources Group 2030) қосылу  мәселесін талқылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан үшін су мәселесі аса маңызды. Өйткені, ол экологияны ғана емес, ел экономикасына да әсер етеді.

Қазақстан – әлемдегі ең үлкен тоғызыншы ел. Дүниежүзілік мұхиттан ең алыс және теңізге шыға алмайтын ел. Аумақтың 2/3 бөлігі – құрғақ аймақтар. Олардың тек 2,8% сумен жабылған, ал температура әр 10 жыл сайын 0,28 градусқа көтеріледі. Біз қазірдің өзінде климаттың өзгеру салдарын көріп байқап отырмыз. Бұл су ресурстарымен проблемаға алып келеді. Өйткені, көптеген трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан ағыс бойынша төмен орналасқан. Су ресурстарының 40% астамы бізге көрші елдерден келеді. Шығыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста біз көрші мемлекеттерге тәуелдіміз. Бұл проблема жаһандық жылынуға байланысты өсе береді, – деді вице-министр.

«Осыған байланысты Қазақстанның Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізудегі белсенді және жүйелі саясаты еліміздің халықаралық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Біз климаттың өзгеруімен күресуге және су ресурстарын ұтымды басқаруға бағытталған шешімдерді іздеуді жеделдетуде қолдауға сенеміз», –  деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанның Дүниежүзілік банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына қосылуы елімізге экономиканың барлық салаларында суды тиімді және ұқыпты пайдалану мәселелерінде әлемнің жетекші елдерінің озық тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама