«ҚазМұнайГаз» төрағасы Ұлыбритания СІМ санкциялар басқармасының басшысымен кездесті
Басқосуда Қазақстанның мұнайын жеткізу мәселесі қаралды
Лондонда «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі Санкциялар жөніндегі басқармасының директоры Дэвид Ридпен кездесті, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Кездесуде өзеті мәселелер қаралды. Оның ішінде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Қазақстанның энергия көздерін жеткізу мәселесі де талқыланды.
Әлемдегі геосаяси ахуал күрделенген кезде санкцияға байланысты тәуекелдер Қазақстан мұнайын, әсіресе КҚК құбыры арқылы үздіксіз жеткізуге кедергі болмауы керек. Бұл біз үшін аса маңызды мәселе. Оған екі жақ та мүдделі деп ойлаймын. Осындай кездесулер де маңызды, - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің шетелдік серіктестермен тұрақты түрде байланыс ұстап, қарым-қатынас жасап жатқанын ерекше атап өтті.