Halyq Uni логотип
×

Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды

Қазақстандықтардан шағым көп түскен

 Дәурен Ерболат 09.06.2023 | 12:10
Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: Елена Сергиенко

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Көлік прокуратурасымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Халықтан көп шағым (әуе билеттерінің үздіксіз қымбаттауы, әсіресе жазда) түсуіне байланысы әуе компаниясының қызметі тексерілген.

Агенттік пен Көлік прокуратурасы Air Astana нарықтағы үстемдікті теріс пайдалану фактілерін әшкерелеп, әрбір әуе билетінен жанармай алымын негізсіз алғанын анықтады.

Биыл 8 маусымда Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana әуе компаниясына 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама