Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда темекі өнімдері 1 шілдеден бастап тағы қымбаттайды

Қазір темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы – 650 теңге

 Еркеғали Болатұлы 09.06.2023 | 11:34
Қазақстанда темекі өнімдері 1 шілдеден бастап тағы қымбаттайды
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 6 маусымдағы өкімімен «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрық жобасына өзгерістер еңгізілді.

Бұйрықпен 20 дана «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағалары» мынадай мөлшерде бекітілді:

  • 2023 жылғы 1 шілдеден бастап, 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Айта кетсек, қазір темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы – 650 теңге.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама