Halyq Uni логотип
×

Қазақстан сыртқы экономикалық кедергілерге сәтті бейімделіп үлгерді – Тоқаев

Былтыр шетелден 28 млд доллар көлемінде инвестиция тартылды

 Дәурен Ерболат 08.06.2023 | 17:40
Қазақстан сыртқы экономикалық кедергілерге сәтті бейімделіп үлгерді – Тоқаев
Фото: Telegram/Aqorda

Қазақстан сыртқы экономикалық кедергілерге сәтті бейімделіп үлгерді. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жеткізу тізбегінің бұзылуы, инфляцияның өсуі және сауда-саттық шектеулер жаһандық экономиканың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.  Осыған қарамастан, Қазақстан сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп үлгерді деп сенімді түрде айта аламыз. 4 айда экономиканың нақты өсімі 5 пайызды құрады. Бұл – бұған дейін болжанған орташа әлемдік көрсеткіштен 3 есе көп. Экономикамыздың барлық негізгі секторында оң динамика байқалады, - деді президент.

Оның айтуынша, былтыр біз шетелден 28 млд доллар көлемінде инвестиция тарттық. Бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады.

«Шетелдік инвесторлар шикізаттық емес секторға айрықша қызығушылық танытады. Халықаралық рейтинг агенттіктері де Қазақстанның инвестициялық әлеуетін растады. Бүкіл әлемде протекционизмнің белең алуына қарамастан, ашық нарықтық экономикасы бар ел ретінде өз позициямызды нығайта түстік. Сыртқы сауда айналымы 32% өсіп,134 млрд долларға жетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы еліміздің жемқорлықпен белсенді түрде күресіп жатқанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама