×

100-ден аса сүт фермаcын салу жоспарланып отыр – Қарашөкеев

Министр бизнес өкілдерін ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға шақырды

 Дәурен Ерболат 08.06.2023 | 17:00
фото: Halyq Uni

Астана халықаралық форумында пленарлық сессия кезінде баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл Солтүстік Қазақстан облысында 340 тонна сүт өнімдерін шығару жоспарланған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сонымен қатар 90 млн гектар жайлым жерге ие Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында мүмкіндігі көп екенін айтқан министр бірқатар міндеттерді атап өтті.

«Жақын жылдары 100-ден аса сүт фермасын салу жоспарланып отыр. Соның ішінде Солтүстік Қазақтанда биыл 340 тонна сүт өнімдерін өндіру жоспарда бар. Құс фабрикаларын салу қарастырылған, 100 гектардан астам жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру бойынша жұмыс істейміз. Оған шетелдік компаниялар тартылады. Біздің көршілеріміздің нарығы өте үлкен. Қазір Қазақстан мұхитқа тікелей шыға алмайтын ел болса да, инвестиция тартқан аз мемлекеттердің бірі болып отыр. Осы орайда бизнес өкілдерін агрокешенге жұмыс істеуге шақырамыз», - деді министр Ербол Қарашөкеев.

Министр келтірген дерекке сүйенсек, 2026 жылы 9 млрд АҚШ долларына дейін инвестициялық пакеттер әзірленбек. Агроөнеркәсіп саласы бойынша Қазақстан өнімдерін алты елге экспорттайды.

Орталық Азия, Латвия, Түркия, ЕО елдеріне экспрот тасымалы бар. Жаңа нарықтарды ашу бойынша келісімшарттар жасалуы мүмкін, - деп қосты министр Қарашөкеев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама