Halyq Uni логотип
×

Банктер арқылы криптобиржада қалай сауда жасауға болады

Криптовалюта нарығы 1 трлн долларға жетті

 Бауыржан Мұқанов 08.06.2023 | 11:50
Банктер арқылы криптобиржада қалай сауда жасауға болады
Фото: АХҚО баспасөз қызметі

Astana Finance Days аясында Қазақстандық банктер мен АХҚО-да тіркелген крипто биржалары арасындағы ынтымақтастық бойынша пилоттық жобаның нәтижелері таныстырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Пилоттық жоба осыдан бір жыл бұрын басталған. Мақсаты – Қазақстан нарығына криптовалюталардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және Қазақстан тұрғындары мен криптомайнерлерге «Астана» халықаралық қаржы орталығы криптовалюта биржаларының платформаларында сауда жасауға мүмкіндік беру және , Қазақстанның ЕДБ ұсынатын фиат арналары арқылы инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау және жобаның нәтижесі бойынша Қазақстанның ұлттық заңнамасына және АХҚО актілеріне өзгерістер енгізу.

Жобаға бес криптовалюта биржасы қатысты: Binance, Ataix, Intebix, Xignal және Upbit, сондай-ақ сегіз қазақстандық екінші деңгейлі банктер: Halyk Bank, Altyn Bank, Заман банк, Freedom Bank, Еуразиялық Банк, Bereke Bank, Нұрбанк және ЦентрКредит банкі.

«Бізде қырықтан астам елден пайдаланушылар бар, алмасу халықаралық деңгейде, өйткені клиенттеріміздің шамамен 70%-ы шетелдік, қалған 30%-ы жергілікті пайдаланушылар. Заңды тұлғалардың ішінде АХҚО қатысушылары – 35%, шетелдік заңды тұлғалар – 65%. Инновация тұрғысынан бізде ұялы әмиян арқылы криптовалюта алмасуды толықтыруға мүмкіндік беретін GSM операторларымен интеграция бар. Интеграция жасалды, енді мақұлдауды күтіп отырмыз», - деді ATAIX Eurasia бас директоры Арутюн Погосян.

Binance Kazakhstan бас менеджері Жасұлан Мәдиевтің айтуынша, Қазақстан цифрлық активтерді дамытуға барынша дайын.

Банк секторымен криптобиржалардың интеграциясы айтарлықтай ірі жоба болып көрінбегенімен, саланы дамытуда үлкен локомотив болды және жалпы экономика мен әлеуметтік салаға оң әсер етті. Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі реттеуде де, заңнамалық базада да, нарықты дамытуда да осы уақытқа дейін алға озған жалғыз мемлекет, - дейді Жасұлан Мәдиев.

Осы орайда, Еуразиялық банк басқарма төрағасының кеңесшісі Наталья Роменская криптобиржа бизнесіне тыйым салуға болмайды. «Бұл жерде реттеуші «бәріне тыйым салу» позициясын ұстанбай, тұтынушылардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге көңіл бөліп отыр», - дейді.

Қазір криптовалюта нарығының капитализациясы шамамен 1 трлн долларға жетті. Кей елдер криптовалюталарды төлем құралы ретінде мойындаса, енді бірі бұл саланы қатаң реттеуге кіріскен. Әсіресе, соңғы кездерді криптобиржалардың күйреуі мемлекеттердің осы саланы барынша қатаң реттеуіне себеп болды.

«Криптоактивтерге арналған әмбебап нормативтік база қабылданып отыр. Бұл жаңашылдық дәстүрлі ірі қаржы орталықтары Уолл-стритте емес, осында (Қазақстанда – ред.) болып жатыр. Дубай мен Гонконгта екі керемет жаңа криптовалюта режимі бар, олар қазір әлемдегі жетекші криптоактив орталықтары. Дамушы елдер осы салада алға шығып келеді», – дейді Кембридж альтернативті қаржы орталығының цифрлық активтерді реттеу бөлімінің басшысы Зейн Умер.

Ал Сингапур қаржылық реттеу органының қаржы директоры Сопненду Мохантидің айтуынша, әрбір криптовалюта компаниясы реттеуші стандарттарға сай болуы керек деді.

«Ең маңыздысы – тұтынушы. Менің ойымша, әрбір криптофирма мұны мұқият қарастыруы керек. Олардың клиенті кім? Оның қандай дағдылары бар? Криптовалюта компанияларымен айналысатын адамдар, олардың құрылтайшылары мен иелері жақсы нарықтық мінез-құлық көрсетуі керек. Әрбір криптовалюталық компания осы жоғары технологиялық реттеуші стандартқа сәйкес келетінін түсінуі керек. Ал егер олар орындамаса, бұл кеңістікте әрекет етудің қажеті жоқ деп ойлаймын, өйткені бұл өте жауапты іс», – дейді Сопненду Моханти.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама