Halyq Uni логотип
×

АШМ бұқалар мен қошқарларды экспорттауға тыйым салмақ

Шектеу саланы дамыту үшін керек

 Дәурен Ерболат 02.06.2023 | 17:48
АШМ бұқалар мен қошқарларды экспорттауға тыйым салмақ
Фото: eldala.kz

Қазақстаннан ірі қара мал мен ұсақ малды шығаруға жарты жылға шектеу енгізу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

АШМ Қазақстан аумағынан ІҚМ және ұсақ мал басын жарты жылға әкетуге тыйым салуды, сондай-ақ 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға сандық шектеу енгізуді жоспарлап отыр, - деп жазылған хабарламада.

Бұйрықтардың тиісті жобасы мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Бұл шаралар отандық мал шаруашылығы саласын дамыту үшін керек.

«Атап айтқанда, бұрын қолданыста болған осыған ұқсас шектеулер малдың барлық түрі бойынша аналық мал санының өсу қарқынына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Биыл 1 қаңтарда ІҚМ саны 2,5% өсті, бұл ішкі нарықтың етпен қамтамасыз етілуіне оң әсерін тигізді. Сондай-ақ ет өңдеу көлемі 7,7% өсіп, 176,7 мың тоннаға жетті, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама