Halyq Uni логотип
×

Бизнеске кедергі келтіретін 10 мың талап алынады – министр

Шағын және орта бизнесте жүрген 4,1 млн қазақстандық бар

 Дәурен Ерболат 02.06.2023 | 13:35
Бизнеске кедергі келтіретін 10 мың талап алынады – министр
көрнекі фото: Halyq Uni

2024 жылдан бастап бизнеске кедергі келтіретін 10 мың талап алынады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесі едәуір артқанын атап өтті.

«Экономиканың жалпы ішкі өнімдегі үлесі – 36,5%. Бүгінде 4,1 млн адам шағын және орта бизнесте еңбек етіп жүр. Былтыр бұл көрсеткіш 200 мың адамға аз болған. Үкімет оларға тікелей қаражат бөліп қана қоймай, бизнеске мүмкіндіктер жасауды жүзеге асырады», - деді министр Мәжілісте өткен жиыннан соң.

Әлібек Қуантыров бизнеске кедергі келтіретін талаптар алынатынын атап өтті.

10 мыңнан аса қажетсіз талапты бизнестен алып тастап отырмыз. Тиісті заң жобасы әзірленді. Келесі жылдан бастап қажетсіз талаптар қолданылмайды. Талаптар реестрде болмаса, мемлекеттік органдар ешқандай инспекция жүргізе алмайды, - деді министр.

Айта кетейік, Мәжілісте депутаттар «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасының» кешенді жоспарын талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама