Halyq Uni логотип
×

Мағзұм Мырзағалиев: «Қазмұнайгаздың» ұзақ мерзімді мақсаты – бизнесті әртараптандыру мен өнімдер портфелін кеңейту

KMG PetroChem мен Теңізшевройл негізгі шарттарға қол қойды

 Дәурен Ерболат 01.06.2023 | 18:10
Мағзұм Мырзағалиев: «Қазмұнайгаздың» ұзақ мерзімді мақсаты – бизнесті әртараптандыру мен өнімдер портфелін кеңейту
Фото: "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі

Бүгін KMG PetroChem ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) мен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) «Газ бөлу кешені» (ГБК) жобасын іске асыру үшін қажет келісімдердің негізгі шарттарына қол қойды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Газ бөлу кешені құрылысы Теңіз кен орнында жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

ГБК — полиэтилен өндіру зауытында (Полиэтилен жобасы) шикізат ретінде пайдаланылатын этанды шығаруға арналған инфрақұрылымды объект.

Негізгі шарттар ГБК жобасын іске асырудың базалық параметрлерін, ТШО-ның KMG PetroChem компаниясына құрғақ газды жеткізуі мен техникалық қызмет көрсету бойынша алдын ала шарттарды және объектіні салу мен пайдалану кезеңінде үйлестіру бойынша басқа да мәселелерді бекітеді. Бұл іс-әрекеттердің барлығы Қазақстанның мұнай-химия саласын дамыту жөніндегі жоспарын қолдауға бағытталған.

Бүгін аталған құжатқа қол қою арқылы біз жоғары сапалы полиэтилен өндіретін ауқымды кешенді жүзеге асыруға бір қадам жақындадық. Бұл жобалар «ҚазМұнайГаздың» бизнесті әртараптандыру және қолда бар көмірсутек шикізаты негізінде өндірілетін өнімдер портфелін кеңейту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына сай келеді, - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

ТШО Бас директоры Кевин Лайон компания Қазақстанның индустрия мен экономиканың одан әрі дамуына серпін беретін мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жоспарларына белсенді қолдау білдіретінін атап өтті.

KMG PetroChem басқарма төрағасы Дастан Абдулғафаров негізгі шарттарға қол қою ГБК жобасын іске асыру үшін аса маңызды қадам екенін атап өтті.

Қазір біз Газ бөлу кешенін салу мен пайдалану кезеңінде өзара іс-қимыл жасау мен жауапкершілікті бөлісудің негізін қаладық, - деді Абдулғафаров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама