×

Дипломатиялық басқосу: қазақтардың Кореяда жұмыс істеуіне заңды түрде рұқсат етілуі мүмкін

Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлері кездесті

 Дәурен Ерболат 31.05.2023 | 17:00
Фото: baq.kz

Қазақстан азаматтарына Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі ықтимал. Бұл туралы СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол министр Пак Жинмен қос мемлекет арасындағы байланыстың маңыздылығын ескеріп, екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін ортаға салғанын атап өтті.

Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмыс істеуіне, әсіресе, Кореяның «Еңбекке рұқсат беру жүйесінің» тізіміне Қазақстанды қосу еліміз үшін аса маңызды екеніне назар аудардым, - деді Мұрат Нұртілеу елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министр шетелдік әріптесімен ықпалдастықты дамыту жолдары жөнінде нәтижелі пікір алмасқанын айтты.

«Энергетика, металлургия, денсаулық сақтау, ІТ және цифрландыру саласындағы озық технологиялар, автокөлік жасау, ауыл шаруашылығы, өнәркәсіп және өзге де бағыттарда корейлік компаниялармен өзара тиімді әрекеттестік орнатуға мүдделі екенімізді тағы да қуаттаймын», – деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама