×

1 млрд доллар: Қазақстан мен БАӘ өзара тауар айналымын ұлғайтпақ

Смайылов пен араб елшісі бірлескен инвестициялық жобалар мәселесін талқылады

 Динара Амантай 31.05.2023 | 13:56
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен БАӘ-нің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики өзара сауда көлемін ұлғайту және энергетика, көлік, логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлихан Смайылов Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық әріптестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша БАӘ-ден Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 27% өсіп, шамамен 420 млн доллар болған.

Осы ретте биылғы қаңтарда мемлекет басшысының ресми сапары аясында екі ел Үкіметтері жаңа стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

Бүгінде тараптардың жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды орындауға кіріскені қуантады. Біз өзара іс-қимылды жандандыруға, оның ішінде Қазақстан экономикасына тартылатын БАӘ инвестицияларының көлемін арттыруға мүдделіміз, – деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы сауда қатынастарын дамыту да басым міндет екенін айтты.

Екі елдің көшбасшылары алға өзара тауар айналымының көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойды. Осыған байланысты Қазақстан ауыл шаруашылығы, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп салалары өнімдерін БАӘ нарығына жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын, – деді премьер-министр.

Өз кезегінде Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики әмірліктердің өзара тиімді мемлекетаралық ынтымақтастықты, оның ішінде президенттің БАӘ-ге сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимылды арттыруға дайын екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама