«Кәсіпкерлердің көбін көлеңкеден шығарады»: Қазақстанға ұлттық тауар өткізу жүйесі не үшін керек?
Сарапшы «үй маңындағы дүкендердің» шығынын азайту жолын атады
Қазір Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстаудың қосымша тетігі – Ұлттық тауар өткізу жүйесі. Оның көмегімен тауар өндірушіден бастап, түпкілікті тұтынушыға дейінгі барлық тізбекті бақылауға болады.
Астана қаласы бойынша «Сауда-саттыққа жәрдемдесу қауымдастығы» ЗТБ-ның вице-президенті Нұрлан Нұрмағамбетовтың пікірінше, Ұлттық тауар өткізу жүйесінің көмегімен елорда аумағында және іргелес агломерацияда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұтынылуына талдау жасауға болады. Сондай-ақ ішкі нарыққа субсидия алушылардың тауарларды (көкөніс-жеміс) тиісті көлемде сатқанын немесе экспортқа жіберілгенін қадағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта айналым механизмі бойынша қаржыны бұрынғыдай сауда желілері емес, тауар өндірушілер алады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мүдделі кәсіпкерлер ірі жеткізушілерден қолданыстағы өзекті шарттар бойынша сақтаусыз және артық логистикасыз тікелей сатып ала алады. Бұл бүкіл тізбекті оңтайландырады. Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің көпшілігі және «үйдегі дүкендер» сауда форматындағы нысандар өздеріне келген фирмалармен жұмыс істейді, өз кезегінде өздеріне қолайлы ұсыныстарды іздемейді. Мәселен, соңғы қантпен болған жағдай мұны көрсетті. Осы ретте Ұлттық тауар өткізу желісі өзінің маркетплейсімен көмекке келе алады. Маркетплейс платформасы түріндегі бұл жүйе жеміс-көкөніс және сүт өнімдері, құс шаруашылығы, ет, нан мен ұн өнімдері, логистика және басқа да азық-түлік және тауарлар сияқты кластерлерді біріктіре алады, – деді ол.
Ірі жеткізушілер мен кәсіпкерлер арасындағы бұл интеграция сауда саласын жаңа заманауи деңгейге шығаратынына сенімді.
Бұдан бөлек онлайн сауда да дамитын болады. Жақын арада жүйеге ҚР және жақын шетелдердің көптеген көтерме-тарату орталықтары пилоттық режимде қосылады деп күтіліп отыр. Бұған қажетті инфрақұрылым бірыңғай ақпараттық жүйенің қажеттігі туралы көрсетілген жаңа Сауда нарықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының талаптары шеңберінде құрылуға тиіс. Егер қала тұтынушыларының басым бөлігі, дүкендер мен XoReCa (қонақжайлылық қызметтерін көрсетуге бағытталған бизнестегі сегмент – ред) тауарды базарлардан сатып алатынын ескерсек, онда ұлттық тауар өткізу желісінің көмегімен тек әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы ғана емес, сонымен қатар халық тұтынатын тауарлардың басқа түрлерінің де бағасы тиімді ішінара шешілетін болады, – деп қосты сарапшы.
Сондай-ақ ол ҰТӨЖ талдауының көмегімен форвардтық сатып алулардың жеткілікті көлемімен қатар, мемлекеттік қолдау шараларын жоспарлауға болатынын атап өтті. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық түлікті сатумен айналысатын ірі өндірушілерге дизелдік отынды субсидиялау мәселесін шешуге болады деп есептейді.