Halyq Uni логотип
×

Фермелерге 7,5 млрд теңге төленді: кей өтінім неге мақұлданбады

Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9 027 өтінім түсті

 Халық үні 27.05.2023 | 13:18
Фермелерге 7,5 млрд теңге төленді: кей өтінім неге мақұлданбады
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық фермерлер қазірге дейін тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 251 өтінім берді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9 027 өтінім бар, 2 040 өтініш қабылданбады, ал 7,5 млрд теңге сомасына 2 184 өтінім мақұлданды және тиісті сома төленді.

Министрліктің хабарлауынша, бұған дейін gosagro.kz порталында өтінімдердің үштен бірі қабылданбады. 

Мемлекеттік қолдаудан бас тартудың негізгі себебі бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген агрохимиялық картограммалардың болмауы, сондай-ақ алқаптарды  цифрландырудағы қиындықтар болды. Солтүстік аймақтармен салыстырғанда оңтүстікте шағын егістіктері бар фермерлер басым, - делінген ақпаратта.

Бұл мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі 25 сәуірде осы қағидаларға агрохимиялық картограммаларды пайдалану жөніндегі талапты алып тастау бойынша түзетулерді бекітті. Сондай-ақ биыл 31 желтоқсанға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ арқылы егістіктерді цифрландыруды кейінге қалдыруды енгізіді.

Белгіленген мерзімге дейін фермерлер осы егістіктерді құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес міндетті түрде түзетуі қажет. Тиісті кестені АШМ «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-мен бірлесіп дайындап жатыр.

Сондай-ақ, субсидияларды алуға облыс әкімдіктерінің тыңайтқыштарды субсидиялау тізбелері мен нормалары туралы тиісті қаулыларының болмауы кедергі болды. Жергілікті атқарушы органдар нормативтерді тек наурыз айынан бастап, мамырға дейін бекіте бастаған.

Айта кетейік, тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінімдерді беру gosagro.kz порталы арқылы толық автоматтандырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама