×

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Ел соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткішке ие болды

 Динара Амантай 27.05.2023 | 09:09
Фото: ашық дереккөз

Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «тұрақты» болжаммен растады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – сыртқы сілкіністерге өзінің орнықтылығын дәлелдеген тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары.

Агенттік есебінде активтердің едәуір қорлары бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні атап көрсетілген.

Сарапшылар қазіргі шоттың профициті 3,4%-ға жақсарғаннан кейін 2024 жылға дейін сақталады деп отыр, бұл – соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Олардың пікірінше, бұл Қазақстанның сыртқы балансын одан әрі нығайтуға ықпал етпек.

Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ға дейін және 2024 жылы 4,8%-ға дейін өседі деп болжап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама