Мәскеуге Орталық Азияның мемлекет басшылары да шақырылған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді, деп хабарлады Ақорда.
Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан президентімен қатар, Ресей Федерациясының президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады.
Сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.