Демалыс күндері АҚШ долларының ресми бағамы 454,27 теңге болды
Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сәйкес, күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,60 теңгеге төмендеп, 449,85 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 16-18 сәуірдегі ресми бағамы 454,27 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 452,81 теңге, ал сатылымда - 456,14 теңге. Нұр-Сұлтанның айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 450,43 теңгеден сатып алып, 453,73 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда шетел валютасының арзандап жатқанына 20 күннен асты. Доллардың 19-24 наурыз аралығындағы ресми бағамы 505,22 теңгеге дейін жеткен еді.