×

Шетелдік инвесторлардың құқықтары қорғалады – Антикор

СЖҚА халықаралық семинар өткізді

 Динара Амантай 18.05.2023 | 15:30
Фото: t.me/antikornews

Антикоррупциялық қызмет БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп «Халықаралық инвестициялық жобалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бизнесті қорғау» халықаралық семинарын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан өкілдері қатысушыларға елімізде іске асырылып жатқан инвестициялық саясаты бойынша толықтай жеткізіп, республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі, бизнесті дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қызметінің тәжірибесімен бөлісті.

Өз кезегінде Антикор семинар қатысушыларына «Бизнеске жол» кәсіпкерлерді қорғау жобасын таныстырды. Жоба шеңберінде кәсіпкерлерге нақты мәселелерді шешуге практикалық көмек көрсетіліп, ал талдау арқылы жүйелік проблемалар жойылып жатыр. Мысалы, жер комиссияларының отырыстарында жерді ұзарту мәселесін қарау практикасы тоқтатылып, мемлекеттік органдар өкілдері тарапынан бизнестің негізсіз тексерулері жойылды, сондай-ақ кәсіпкерлердің тергеу іс-әрекеттерін жүргізу жөніндегі іс-шараларға негізсіз шақыруларының жолын кесті. Сонымен қатар, Антикоррупциялық қызмет кәсіпкерлерге көмек көрсетудің әзірленген тетіктері негізінде шетелдік инвесторларға да көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Cеминар барысында Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Босния, Герцеговина және Түркия сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері басшылықтарының кездесулері өтті. Оған қоса, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық серіктестік желісін нығайтуға, сондай-ақ «Бейбіт және инклюзивті қоғамға тұрақты даму мүддесі үшін жәрдемдесу, барлығына сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейде тиімді, есеп беретін және инклюзивті институттар құру» № 16 Тұрақты даму мақсатына сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

 Мұндай маңызды іс-шараның Алматы қаласында, Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығын құру жоспарланған. БҰҰ Өкілдігі ғимаратының қабырғасында өткізілуінің символдық мәні бар.

Сонымен қатар, екі күндік семинар аясында қатысушылар халықаралық инвестициялық жобалардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ ұлттық тәжірибелер мен коррупцияға қарсы стратегияларды таныстырды.

Семинар соңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәуелсіз агенттігі арасында өзара тәжірибе алмасуға, бірлескен іс-қимылға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Іс-шараға халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Австрия, Әзірбайжан, Албания, Армения, Беларусь, Босния, Герцеговина, Грузия, Моңғолия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Черногория сияқты елдердің өкілдері қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама