Halyq Uni логотип
×

Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау мәселесі талқыланып жатыр – Алмасадам Сәтқалиев

Энергетика министрі келіссөз нәтижесі хабарланатын айтты

 Дәурен Ерболат 16.05.2023 | 12:13
Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау мәселесі талқыланып жатыр – Алмасадам Сәтқалиев
фото: «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі

Ресей газын Өзбекстанға Қазақстан арқылы тасымалдау (транзит) үшін келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде (Қазақстан арқылы) Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау (транзит) мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатыр. Ол конструктивті түрде өтуде. Келіссөз нәтижесін сіздерге хабарлаймыз, - деді министр.

Еске салайық, 2022 жылдың қараша айында Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама