Республика бойынша 2 697 адамға грант беру жоспарланған
15 мамырдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша 2 697 адамға грант беру жоспарланған.
Өтінімдер Business.enbek.kz порталында қабылданады.
Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз берілетін бастапқы капитал, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Грант көлемі – 1 380 000 теңге (400 АЕК). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру үшін қажет:
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуға тиіс.
Толығырақ мына жерден оқуға болады.