Олар қос ел арасындағы сауданың қайта жанданғанын қалайды
Қазақстан Қытай Халық Республикасына (ҚХР) жылына 1 млн тонна астық экспорттауға ниетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Бейжіңде өткен қытайлық жетекші COFCO және CITIC Group агрокомпанияларымен кездесуде министр Қазақстанға Қытайға жылына 1 млн тонна астық экспорттамауға ниетті екенін жеткізді.
Ербол Қарашөкеев АӨК саласындағы ауқымды перспектива мен қос елдің бизнес-қауымдастықтары арасында тікелей байланыс орнату жоспары барын атап өтті.
Атап айтқанда, қытайлық COFCO және CITIC Group компанияларының басшылығына Қазақстанда астықтың едәуір қоры бар. Экспорт үшін астықтың қажет көлемі мен сапасын қамтамасыз ете алатын отандық компаниялар арқылы астық жеткізуді жүзеге асыру ұсынылды.
Бұдан бөлек, логистикада мәселелер туындаса, АШМ оларды жедел шешуге көмектесуге дайын. Мысалы, Алашанькоу және Қорғас шекаралас қалаларда тәулігіне 10 мың тоннаға дейін астық жүгін қабылдай алатын терминалдар бар, - деп жазылған хабарламада
Сондай-ақ ведомство басшысы ҚХР-дың ет қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Министр кездесуде қазақстандық кәсіпорындар мұздатылған сиыр, қой және шошқа етінің экспортын тезірек қалпына келтірілуін қалайтынын жеткізді.
Отандық зауыттар салқындатылған ет және балық өнімдері, құс еті, жұмыртқа және басқа да тауар түрлерін жеткізуге дайын.
Кездесуде қазақстандық отандық ет комбинаттарын аккредиттеу мүмкіндігі талқыланды. Бүгінде тек 4 кәсіпорынның тиісті рұқсаты бар, тізімді тағы 13 компания толықтыра алады.
Айта кетейік, былтыр Қазақстанда 1,06 млн тонна ет өндірілген. Экспорттың негізгі үлесі Өзбекстанға, БАӘ мен Кувейтке тиесілі.