×

Еуроодақ Ресейге көмектескен қазақстандық компанияларға да санкция салмақ – БАҚ

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдайтын компанияларға қысым жасамақ

 Еркеғали Болатұлы 11.05.2023 | 10:26
фото: ашық дереккөз

Еуроодақ Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесетін елдерге қысым жасамақ. Сондықтан Қазақстан, Өзбекстан мен Иран, Қытай компанияларына да санкция енгізгелі жатыр.

Reuters-тің хабарлауынша, Еуроодақ 11-санкциясына Қазақстан мен өзге де елдердің компанияларын қосуы мүмкін. Әрі мұндай компаниялардың саны онға жуық екен. Дегенмен олардың аты нақты аталмаған.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен жаңа санкциялар легі Ресейге бұрынғы санкцияларды айналып өтудің алдын алуға бағытталатынын мәлімдеді. Сондай-ақ санкцияны «Үлкен жетілік» құрамындағы елдермен ақылдаса отырып жасаған.

Еуроодақ мұнайды теңіз арқылы тасымалдайтын компанияларға қысым жасамақ. Осылайша GPS-трекерді өшіріп, мұнайды портқа жеткізудің алдын алады екен.

Дипломаттардың хабарлауынша, жаңа санкция туралы консенсус одаққа мүше 27 елде жоқ екен. Әрі келіссөздер қызу жүріп жатыр. Өйткені кей елдер миллиондаған еуродан қағылуы мүмкін. Мәселен, бүгінде ресейлік алмазды сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданбаған. Егер бұл қабылданғанда келетін шығын 500 миллион еуроға жуықтайды.

Сонымен, Еуроодақ санкциясы алдымен «саудадағы серпілістің» себебін түсіндіре алмаған елдерге салынбақ. Ал негізгі мақсаты – Мәскеу қолдануы мүмкін тауар арналары мен Ресейге көмектесіп отырған елдерге тосқауыл болу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама