×

«ҚазМұнайГазда» басқарма құрамы ауысты

Онда 9 басшы бар

 Дәурен Ерболат 10.05.2023 | 17:45
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма құрамы өзгерді, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі.

Бағалы қағаздары KASE-нің ресми тізімінде тұрған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (Астана) директорлар кеңесінің биылғы 3 мамырдағы шешімімен компания басқармасының құрамына төмендегі өзгерістер енгізілді:

Шығарылды: Қайырденов А.К., Қарабаев Д.С;

Сайланды: Макеев Д.С., Арысова Д.А..

Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы 9 адамнан тұрады: М.М. Мырзағалиев, Д.Е. Абдулгафаров, Б.К. Закиров, В.С. Лавренов, С.А. Брекешев, Д.К. Хасанов, К.М. Құдайбергенов, Д.С. Макеев, Д.А. Арысова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама