«ҚазМұнайГазда» басқарма құрамы ауысты
Онда 9 басшы бар
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма құрамы өзгерді, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі.
Бағалы қағаздары KASE-нің ресми тізімінде тұрған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (Астана) директорлар кеңесінің биылғы 3 мамырдағы шешімімен компания басқармасының құрамына төмендегі өзгерістер енгізілді:
Шығарылды: Қайырденов А.К., Қарабаев Д.С;
Сайланды: Макеев Д.С., Арысова Д.А..
Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы 9 адамнан тұрады: М.М. Мырзағалиев, Д.Е. Абдулгафаров, Б.К. Закиров, В.С. Лавренов, С.А. Брекешев, Д.К. Хасанов, К.М. Құдайбергенов, Д.С. Макеев, Д.А. Арысова.