Halyq Uni логотип
×

Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі

Әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады деп жоспарланған

 Халық үні 05.05.2023 | 16:41
Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі
Фото: caravan.kz

Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады. Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатыр, - деді мемлекет басшысы.

Айтуынша, сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады.

Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек, - деді Тоқаев.

«Тағы бір маңызды міндет – жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. Елімізде 9 мыңға жуық әскери-патриоттық ұйым жұмыс істейді. Сол ұйымдардың қатарында 260 мыңнан астам жасөспірім бар. «Жас сарбаз» қозғалысының аясында 400 «Смарт сарбаз» үйірмесі ашылды. Бұл үйірмелерге 6 мыңға жуық жас жеткіншек қатысады. Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беру қажет», - деді Тоқаев.

Батырлардың ерлігін үнемі дәріптеп отыруы мақсатында әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірленеді. Сондай-ақ «Жас сарбаз» қозғалысын дамытып, оны ұлттық деңгейге көтеруді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама