Қаржыға кредитті жабуға, үй алуға болмайды
Биыл Алматыда кәсібін дамытқысы келетіндерге жалпы құны шамамен 518 млн теңге болатын 375 грант беріледі. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2023 жылға бизнесін дамытқысы келетін алматылықтарға 375 грант беру жоспары бекітілді. Оның жалпы құны – 2023 жылға 517,5 млн теңге. Бизнес-идеяны іске асыруға арналған грант әлеуметтік осал топтарға бөлінеді. Бүгінде комиссия 1059 өтінімді қарады: оның 94-і мақұлданды, 965 өтініш қабылданбады.
Жалпы 400 АЕК (1 АЕК – 3 450 теңге, 1 380 000 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастауға және дамытуға қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал, – деді Сағындық Кенжебаев өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Грант тұтынушылық мақсатқа, несиені өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскесін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Грант кімдерге беріледі?
Оларда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуға тиіс (Оқуды онлайн түрде skills.enbek.kz порталы арқылы өтуге болады).
Грантты алушылардың өтініші мен бизнес-жобасы комиссияның отырысына қарауға шығарылады. Халықты жұмыспен қамту орталығы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді, - деді Сағындық Кенжебаев.
Сонымен қатар грант алған сәттен бастап қатысушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек: 3 ай ішінде.
Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz. порталына тіркелу қажет. Барлық сұрақ бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына (Достық даңғылы 85, «Әлеуметтік қызметтер үйі») немесе 310-47-82 бірыңғай нөмірі бойынша хабарласуға болады.