Бүгінде арнайы жоспар құрылған
Қазақстан қант, балық және сүт өнімдері, құс еті, күнбағыс майын шетелден импорттауға мәжбүр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан халқының жалпы тұтынуының есебін жүргіздік. Бүгінде төмендегі импортталатын тауарларға тәуелдіміз: қант, тауық еті, ірімшік және сүзбе, сары май, күнбағыс майы, макарон өнімдері және маусымаралық кезеңде қырыққабат және пияз, - деді премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.
2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 атауы бойынша импортқа тәуелділік – 16,2%-дан 55,9%-ға дейін, ал қант бойынша 90%.
Кейбір тауарлар бойынша біз халықтың тұтынуынан едәуір жоғары қамтамасыз етілгенін атап өтеміз. Алайда көрші нарықтағы жағдайларға байланысты біз агрессивті экспортты байқап отырмыз. Әсіресе көкөніс өнімдеріне. Сондықтан біз ішкі нарықты қамтамасыз ететін және азық-түлік секторындағы дағдарысқа төзімді саясатын құруымыз керек, - деді министр.
Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәселені шешу үшін жоспар құрылғанын атап өтті.
«Қазақстанда 6 тауар бойынша өзімізді қамтамасыз ете алмай отырмыз. Құс еті, сүт және балық өнімдері және тағы басқаға тәуелсіздігіміз жоқ. Осының бәріне нақты жоспарымыз бар. Алдағы 3-4 жылда осы тауарлар бойынша өзімізді қамтамсыз етуге жоспар құрып отырмыз. (Жобаны) қаржыландыру қарастырылған. Жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан соң.