×

Биыл еліміздегі экспорт шамамен 72%-ға өскен

Бұл тек екі айдағы көрсеткіш

 Халық үні 13.04.2022 | 17:30
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы сыртқы саудасы жайлы белгілі болды.

Сауда және интеграция министрлігінің экспортты қолдау және дамыту жөніндегі операторы «QazTrade» АҚ мәліметінше, ​​​2022 жылғы қаңтар-ақпанда еліміздің тауар айналымы 18,2 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 52,5%-ға жоғары (12,0 млрд доллар). Қазақстанның сауда балансы жақсарды.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда елімізден экспорт 71,4%-ға өсіп, 12,1 млрд долларды құрады. Экспорттың өсуі шикі мұнай, ферроқорытпалар, уран, мырыш пен тағы басқаларды жеткізудің ұлғаюымен негізделеді, – дейді СИМ.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанға импорт 25,1%-ға өсіп, 6,1 млрд долларды құрады. Импорттың өсуі бидай, автомобильдерге арналған шанақтар, есептеу машиналары, мыс кендері мен концентраттары, бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар, телефон аппараттары әрі тағы басқа тауарларды әкелу есебінен қамтамасыз етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама