Ақмола облысында қант бағасын шарықтатқандар анықталды

Қымбат Елтайқызы

Олар көтерме саудагерлер болып шықты

фото: Halyq Uni

Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент өңірдегі ірі қант жеткізушілерге қатысты мәлімдеме жасады.

Бағаның өсуіне әрі қантты сату нарығындағы дүрлігуге байланысты Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент өңір шекарасындағы қантқа байланысты көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау қорытындысы бойынша, екі ірі көтерме сауда сатушысының іс-әрекетінде бағаны белгілеу және (немесе) ұстап тұру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды, – дейді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабы 1-тармағы негізінде, осы тауар нарығында үстем жағдайға ие екі көтерме сауда жеткізушісінің атына қант бағасын бекітілген деңгейге дейін төмендету қажеттілігі әрі алдағы уақытта осындай әрекеттерді болдырмау туралы хабарлама жіберілді.