×

2023 жылғы I тоқсанда 5,7 трлн теңге салық жиналды

Ұлттық қорға 1,2 млрд теңге түсті

 Бауыржан Мұқанов 29.04.2023 | 12:24
Сурет: gov.kz

2023 жылғы I тоқсанда шоғырландырылған бюджеттің салық түсімдері 5,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті. 

2023 жылғы I тоқсанда шоғырландырылған бюджет (мемлекеттік бюджет + ұлттық қор) салық түсімдері бойынша 5 667,3 млрд теңге, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% немесе 998,0 млрд теңгеге өсті, оның ішінде:

  •  Республикалық бюджетке 3 176,7 млрд теңге түсті, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,2% немесе 599,1 млрд теңгеге;
  •  Жергілікті бюджетке 1 293,6 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,2% немесе 252,0 млрд теңгеге;
  • Ұлттық қорға 1 197,1 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,0% немесе 146,9 млрд теңгеге өсті.

2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің: 

  • үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 2 есе;
  • ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 21,2%;
  • корпоративті табыс салығы 20,7%;
  • ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 2,0% өсуі байқалады.

Түсімдердің өсуіне мына факторлар әсер етті.

2023 жылы I тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алтынға 0,8% бағаның өсуі байқалады.

Үшінші елдермен тауар айналымы 2023 жылғы 1 тоқсанда 13,9% өсті (экспорт 6,7% төмендеді, импорт 1,8 есе өсті).

Сондай-ақ ЭШФ тауар айналымы 8,8 трлн тенгеге немесе 27,7% өсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама