2023 жылғы I тоқсанда 5,7 трлн теңге салық жиналды
Ұлттық қорға 1,2 млрд теңге түсті
2023 жылғы I тоқсанда шоғырландырылған бюджеттің салық түсімдері 5,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
2023 жылғы I тоқсанда шоғырландырылған бюджет (мемлекеттік бюджет + ұлттық қор) салық түсімдері бойынша 5 667,3 млрд теңге, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% немесе 998,0 млрд теңгеге өсті, оның ішінде:
- Республикалық бюджетке 3 176,7 млрд теңге түсті, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,2% немесе 599,1 млрд теңгеге;
- Жергілікті бюджетке 1 293,6 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,2% немесе 252,0 млрд теңгеге;
- Ұлттық қорға 1 197,1 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,0% немесе 146,9 млрд теңгеге өсті.
2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің:
- үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 2 есе;
- ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 21,2%;
- корпоративті табыс салығы 20,7%;
- ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 2,0% өсуі байқалады.
Түсімдердің өсуіне мына факторлар әсер етті.
2023 жылы I тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алтынға 0,8% бағаның өсуі байқалады.
Үшінші елдермен тауар айналымы 2023 жылғы 1 тоқсанда 13,9% өсті (экспорт 6,7% төмендеді, импорт 1,8 есе өсті).
Сондай-ақ ЭШФ тауар айналымы 8,8 трлн тенгеге немесе 27,7% өсті.