Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында жаңа зауыттар салынады

7 ірі шетелдік тауар өндіруші компаниямен жалпы құны 700 млн доллардың келісіміне қол қойылды

 Дәурен Ерболат 28.04.2023 | 09:35
Жамбыл облысында жаңа зауыттар салынады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Таразда ZHEIF-2023 халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аяқталды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Форум аясында пленарлық отырыстар өткізіліп, шетелдік компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.

7 ірі шетелдік тауар өндіруші компаниямен жалпы құны 700 млн доллардың келісіміне қол қойылды. Олардың қатарында Үндістан, Венгрия, Сингапур, Германия секілді бірқатар мемлекеттің инвесторы бар. Шетелдік компаниялар өңірде ферроқорытпа, цемент зауытының құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, күн электр станцияларын салу, тамақ өнеркәсібі және логистика индустриялық паркі сынды жобаларды жүзе асыруды жоспарлап отыр.

Жалпы форумда 20-ға жуық келіссөз жүргізілді.

Францияның Total Open компаниясының Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу ниеті бар. Жоба құны – 500 млрд теңге. Ол жүзеге асса, 300 тұрақты, 1000 уақытша жұмыс орны ашылады.

Үндістанның Monnet Group компаниясы аймақта жоғары сапалы ферросилиций, ферромарганец шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Түркияның Bazar Fur компаниясы да өңірде тұрмыстық техника өндіретін зауыт салуға ниетті.

KazBioSorgo компаниясы қант құрағын өсіру және өңдеу жобасын таныстырса, Monterra Qasaqstan ЖШС Қордай ауданында тау-кен металлургия комбинатын салу мәселесін талқылады.

Сондай-ақ кездесуде Taraz Gelatin ЖШС басшылығы желатин өндірісінің жобасын ұсынды.

Қытайдың Wanlin Group Limited компаниясы кептірілген пияз өндіретін зауыт салуды жоспарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама