×

Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен СберБанк бірлескен мәлімдеме жасады

АҚШ Қаржы министрлігі «СберБанк» АҚ-мен арадағы мәмілелерді аяқтау мерзімін тағы үш айға созды

 Айнұр Шошаева 13.04.2022 | 11:53
көрнекі фото: nur.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және «СберБанк» АҚ АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы Office of Foreign Assets Control (OFAC) бас лицензия шығарғанын мәлімдейді, оған сәйкес банкпен арадағы мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 13 сәуірден бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұзартылады.

Демек, банк шілдеге дейін штаттық режимде жұмыс істей береді. Банк клиенттеріне теңгемен және рубльмен жүргізілетін төлемдер мен аударым операциялары (салықтар, баж салықтары, әлеуметтік аударымдар) қандай да бір шектеулерсіз қолжетімді болады.

Бұған дейін OFAC-тың ресейлік «СберБанк» ЖАҚ-қа және оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN-ге (Specially Designated Nationals) қосуды көздейтін оқшаулау санкцияларын енгізетіні туралы мәлімдеген еді.

Көрсетілген қаржы ұйымы және оның басқа да еншілес құрылымдарына қатысты операциялар 2022 жылғы 13 сәуірге дейін аяқталуға тиіс, - делінген мәлімдемеде.

Қазіргі таңда Қазақстан СберБанкінде 400 млрд теңге мөлшерінде капиталдың жеткілікті қоры бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама